jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Екібастұздағы ауруханалардың бірінде зейнеткер 13 млн теңгесінен айырылып қалды

    Қарияның қолы. Көрнекі сурет
    Қарияның қолы. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Екібастұздағы ауруханалардың бірінде зейнеткер 13 млн теңгесінен айырылып қалды. Бұл туралы Kazinform хабарлайды.

    Басылым мәліметіне сүйенсек, Екібастұз полициясына зейнеткер әйел хабарласып, банктегі шотынан белгісіз біреу 13 млн теңге сомасында ақша қаражатын ұрлағанын жеткізген. 

    "Полиция аталған қылмысты ашуға бағытталған іс-шаралар қабылдады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында зейнеткердің биылғы 28 қараша – 2 желтоқсан аралығында аурухананың инсульт бөлімшесінде емделгені анықталды.

    Онымен бірге палатада бірнеше пациент болған. Полицейлер әлгі палатада зейнеткердің банктік мобильді қосымшасына заңсыз кіріп, шотынан ақша ұрлаған жас әйелді анықтады. Күдікті кінәсін мойындап отыр", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Тәртіп сақшылары ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы тағайындалды.

    Екібастұздағы ауруханалардың бірінде зейнеткер 13 млн теңгесінен айырылып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.