jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Талғат Дүйсенбек
    Талғат Дүйсенбек
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысында әйел адамның денесі табылды

    Қылмыстық іс құжаттары
    Қылмыстық іс құжаттары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Алматы облысы аумағында бір әйелдің денесі табылды. Полиция қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаменті таратқан мәліметке сүйене отырып хабарлайды.

    Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйел 56 жаста болған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, оның денесінен зорлық белгілері табылмаған. Бұл дерек бойынша аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған.

    "Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, мәйіттен зорлық белгілері табылмады", - деп хабарлады полиция өкілі.

    Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Ақтөбе облысында балық аулауға кеткен екі ер азаматтың денесі табылған еді.

    Бұның алдында Алматы облысындағы Алмалыбақ ауылының маңындағы егістік алқабынан бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі табылған.

    Алматы облысында әйел адамның денесі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.