jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ляззат Салимова
    Ляззат Салимова
    Бұрынғы қызметкер

    "Бұл ұят іс": Жетісу облысының әкімі бұрынғы қызметкері туралы пікір білдірді

    Жетісу облысының әкімі
    Фото: ortcom.kz

    Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев әйел адамның үйіне мас күйінде рұқсатсыз кіріп, зорламақ болған бұрынғы қызметкері туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында журналистердің бірі Бейбіт Исабаевтан бұрынғы Ақсу ауылдық округі әкімінің қоғамда резонанс тудырған ісі туралы пікір білдіруін, бір жылға бостандығын шектеу қаншалықты әділ шешім болғанын сұрады.

    Бейбіт Исабаев сот шешіміне құрметпен қарайтынын, қызметкердің кінәсі дәлелденгеннен кейін ол жұмыстан шығарылғанын айтты.

    "Бұл жерде зорлау фактісі емес біреудің үйіне рұқстсыз кіру бойынша іс қозғалды. Сот шешімі шықты. Әрине, бұл ұят іс. Мұндай нәрсе болмауы керек. Бұл оқиға басқа да мемлекеттік қызметкерлер үшін, соның ішінде аудан, ауыл әкімдеріне сабақ болу керек",- деді Исабаев.

    Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында Жетісу облысының тұрғыны жергілікті әкімге шағымданған болатын. Қарашада ауыл әкімі мен әкімдік қызметкері жергілікті тұрғынның үйіне заңсыз кірді деген айыппен сотталды. Айыпталушылар тағылған айып бойынша кінәлі деп танылды. Олардың әрқайсысына 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

    "Бұл ұят іс": Жетісу облысының әкімі бұрынғы қызметкері туралы пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.