jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте есірткі заттарын сатумен айналысқан екі азамат 10 жылға бас бостандығынан айырылды

    Мефедрон
    Мефедрон. Көрнекі фото: otyrar.kz

    Шымкентте есірткі заттарын сатумен айналысқан екі азамат 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды.

    Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында екі тұрғынға Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі 1), 3), 5) тармақтарына (аса ірі мөлшердегі психотроптық заттарды, заңсыз өткізу мақсатында адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен және электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды.

    Сотталушылар 2024 жылдың ақпан айында жұмыс іздеп, Telegram әлеуметтік желісі арқылы белгісіз тұлғамен жылдам ақша табу мақсатында сөз байласқан. Сол сайт арқылы тапсырыс бойынша "Қайтпас-1" мөлтекауданында, көше бойында газ құбырына психотропты затты жасырып жатқан жерінен ұсталып, тексеру барысында аса ірі мөлшерде психотропты зат — меткатинонның аналогы – жалпы салмағы 9,476 грамм мефедрон табылған.

    "Сотталушылар Ә. және С.-ның тінту хаттамалары, кінәсін мойындап берген жауаптары, куәлардың жауаптары, сот сараптамаларының қорытындылары және өзге де құжаттар арқылы дәлелденеді. Прокурор сотталушылардың әрқайсысына 11 жыл 3 айдан бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.

    Сотталушылар жасаған қылмыстық әрекеті үшін шын жүректен өкініп, ең төменгі жазаны тағайындауды сұраған", - делінген сот хабарламасында.

    Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігінің санкциясы 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Сот жоғарыда көрсетілген мән-жайларды ескере отырып, сотталушыларға Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігінің 1), 3), 5) тармақтарына сәйкес кінәлі деп танылып, әрқайсысына 10 жылдан бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеуді белгілеген. Үкім заңды күшіне енген

    Шымкентте есірткі заттарын сатумен айналысқан екі азамат 10 жылға бас бостандығынан айырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.