jitsu gif
Оқыс оқиға

    Шымкентте кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқандар анықталды

    Өз-өзіне сенімді кәсіпкер ер адам. Көрнекі сурет
    Өз-өзіне сенімді кәсіпкер ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Шымкентте кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқандар анықталды. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды.

    Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық прокуратурасы талдау барысында кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фактісін анықтады. Қадағалау актілері бойынша салық органының кәсіпкердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің күші жойылды.

    Салық органының қызметкері ӘҚБтК-нің 173-бабы (лауазымды адамдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қысқартылған тәртіппен 184 600 теңге көлемінде айыппұл салынды.

    Инкассалық өкім жойылып, кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілді. Оған 7,3 млн теңге қайтарылды.

    Шымкентте кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқандар анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.