jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Алматыда атыс болып, бір адам жараланды

    Жедел желі көлігі
    Көлік. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматыда болған атыс болғаны туралы редакцияға хабарлаған NUR.KZ оқырманы бір адамның жараланғанын жеткізді. Ал қалалық полиция департаменті бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

    "Аталған факт бойынша Наурызбай аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады.

    Аталған қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр", - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ сауалына берген жауабында.

    Ведомство өкілдері басқа ақпарат жарияланбайтынын атап өтті.

    Айта кетейік, Алматы облысында Іле өзені маңында аңшы мылтығынан оқ ату салдарынан үш ер адам зардап шекті. Адам өлтіруге оқталған күдікті ұсталған болатын. Сонымен қатар қыркүйек айында желіде Маңғыстау облысында төбелеске қатысушылар аңшы мылтығымен атысқаны туралы ақпарат пайда болып, оқиғаға облыстық полиция департаменті өкілдері пікір білдірген болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.