jitsu gif
Оқыс оқиға

    Бас прокуратура: Telegram-арна арқылы ақша бопсалаумен айналысқан адамдар тобы ұсталды

    Telegram мессенджері
    Telegram мессенджері. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қазақстанда Telegram-дағы QirSabyn арнасының әкімшілері қамауға алынды. Олар ақша бопсалаумен айналысқан деген күдікке ілінген. Бұл жөнінде Бас прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "18 желтоқсанда Бас прокуратураның үйлестіруімен ҰҚК және ІІМ ведомствоаралық жедел-тергеу тобымен және ҚМА-нің мамандандырылған бөлімшесімен бірлесіп, Астана және Қарағанды қалаларында QirSabyn Telegram-арнасы арқылы шындыққа жанаспайтын ақпарат жариялау қауіпімен ақшалай қаражат бопсалаумен айналысқан адамдар тобы ұсталды", - делінген қадағалаушы органның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламада. 

    Прокурорлар шұғыл тергеу әрекеттері жүргізіліп, техникалық құралдар, ірі көлемдегі ақша сомасы және өзге де заттай дәлелдемелер алынғанын атап өтті.

    Telegram-арнаның әкімшілері соттың санкциясымен қамауға алынған. Қазір қажетті тергеу және жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. 

    Бас прокуратура: Telegram-арна арқылы ақша бопсалаумен айналысқан адамдар тобы ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.