Оқыс оқиға

Зектілері

"Ұлттық банк, ҰКҚ қызметкерімін" деп таныстырған: маңғыстаулықтар 133 млн теңгесінен айырылды

Жарияланған күні:

АҚШ доллары мен ноутбук және ұялы телефон
АҚШ доллары мен ноутбук және смартфон. Көрнек фото: pixabay.com

Маңғыстау полицейлері интернет-алаяқтықтың жолын кесті. Күдіктілер өзін "Ұлттық банк, ҰҚК қызметкерлері" ретінде таныстырып, тұрғындардың сеніміне кіріп 133 354 450 тг көлемінде қаражаттарын алаяқтық жолмен иемденіп алған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық ПД-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, 2024 жылғы қазан айында Маңғыстау облысы ПД тергеу басқармасына жергілікті тұрғындар белгісіз тұлғаларды интернет-алаяқтық дерегі бойынша жауапкершілікке тартуды сұрап арызданды.

Алаяқтар жәбірленушілердің ұялы телефонына қоңырау шалып, өздерін ҰҚК және Ұлттық банк қызметкерлері ретінде таныстырып, олардың сеніміне кіру арқылы 133 354 450 тг көлемінде қаражаттарын алаяқтық жолмен иемденіп алғаны белгілі болды.

Полиция қызметкерлері облыс прокуратурасының үйлестіруімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында жәбірленушілердің ақша қаражаттары 20-дан астам дроперлерлердің есепшоттарына аударылғаны анықталды.

Дроперлердің басым бөлігі Алматы қаласы жоғары оқу орындарының студенттері екені анықталып, іссапар ұйымдастырылды.

Нәтижесінде жоғарыда аталған дроперлер қаражатты 26-21 жастағы тұлғаларға аударғандары анықталып, күдіктелер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Маңғыстау облысы полиция департаменті сіздерді алаяқтық іс-әрекеттерден сақ және абай болуға шақырады.

"Қандай да бір құқық бұзушылықтың куәсі болсаңыз, бірден полицияға хабарлауды сұраймыз", - деп ескертті ПД өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2203631-ulttyq-bank-ukq-qyzmetkerimin-dep-tanystyrgan-manggystaulyqtar-133-mln-tenggesinen-aiyryldy/