Оқыс оқиға

Зектілері

БҚО-да сотқа құрметсіздік танытқаны үшін әкім жазаланды

Жарияланған күні:

Шенеунік
Көрнекі фото: Sputnik / Владислав Воднев

Батыс Қазақстан облысында су тасқыны кезінде жылқылардың қырылуына байланысты сот талаптарын орындамағаны үшін Ақжайық ауданының әкімі жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық сотқа сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімге сот талабын орындамағаны үшін ақшалай өндіріп алу жазасы тағайындалды.

Сот мәліметінше, тұрғын төтенше жағдай кезеңінде су тасқыны салдарынан 16 бас жылқысынан айрылған. Кейін, сол өлген жылқылардың материалдық шығынын өтеу жөнінде көмек сұрап өтінішхатпен Ақжайық ауданының әкіміне, Ақжайық ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне және облыс әкімдігіне жолыққан. Жауаптарымен келіспей, Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына әкімшілік талап қоюмен жүгінген.

Іс бойынша дайындық жүргізу мақсатында, сот жауапкерлерді белгіленген мерзімде әкімшілік талап қоюға дәлелді қарсы пікірлерін беруге міндеттеді. Алайда жауапкерлер талап қоюға дәлелді пікірлерін және соттың сұратқан әкімшілік іс құжаттарын белгіленген мерзімге жолдамаған. Соның салдарынан іс бойынша алдын ала тыңдау кейінге қалдырылған. Сот іс құжаттарын зерттеп қарап, жауапкерлердің келтірген уәждерін негізсіз және дәлелсіз деп, олардың іс әрекеттерінде заңға және сотқа анық құрметтемеушілік көрсету оқиғасы болған деп таниды.

Бұндай жағдайда, сот талаптарын орындамауына байланысты Ақжайық ауданының әкіміне және "Ақжайық ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ-нің басшысына әрқайсысына 20 айлық есептік көрсеткіштен, яғни 73 840 теңгеден ақшалай өндіріп алу қолданылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2204339-bqo-da-sotqa-qurmetsizdik-tanytqany-ushin-akim-zhazalandy/