jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Терроризмді насихаттады деп айыпталған шымкенттік тұрғын бас бостандығынан айырылды

    абақты
    Абақты. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Терроризмді насихаттады деп айыпталған шымкенттік тұрғын 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық сотқа сілтеме жасап хабарлайды.

    Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

    Ол Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1-бөлігімен (терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру, сол сияқты көрсетілген мазмұндағы материалдарды тарату мақсатында дайындау, сақтау немесе тарату) айыпталған.

    "Сотталушы 2024 жылдың шілде айында Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Қапал батыр көшесінің бойында орналасқан моншада М., Е. және Ж.-мен кездесіп, "Мұсылман бауырлар" (аль-Ихван аль-Муслимун) террористік ұйымын қолдап, қарулы жиһад жасап, шахид болуға, хижрат жасауға қатысуға шақыруды насихаттаған", - делінген сот мәлімдемесінде.

    Сотталушының тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденді.

    Прокурор сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

    Сотталушы кінәсін толық мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұраған.

    Сотта сотталушының жасаған қылмыстық құқық бұзушылығының ауырлығын, жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның кінәсін толық мойындауын, істеген іс-әрекетіне шынайы өкініш білдіргенін ескерді, ал ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

    Сот А.-ға Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

    Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    Терроризмді насихаттады деп айыпталған шымкенттік тұрғын бас бостандығынан айырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.