jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Астанада халықаралық іздеуде жүрген әйел адам ұсталды

    Қолына кісен салынған әйел
    Қолына кісен салынған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Елордада "Қылмысты тоқтату" жедел-алдын алу шарасы кезінде елордалық сақшылар халықаралық іздеуде жүрген Ресей азаматын ұстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Астана ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    35 жастағы әйел адам Ресей елінде полиция қызметкеріне қарсылық көрсетіп, кейін елден кеткен.

    Биыл қараша айында әйел адамға қатысты халықаралық іздеу жарияланды.

    Қазақстан Республикасына күдікті жұмыс іздеп келген. Полицейлер оны жедел алдын алу шарасы барысында тұрғын үйлерді тексерген кезде анықтап, ұстады.

    "Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша қамауда. Ұстау изоляторына қамалды, ол экстрадициялау шешімі шыққанға дейін сол жерде болады.

    Жақын арада ол іздеу бастамашысы – Ресей Федерациясының қылмыстық іздеу органына тапсырылады", - деп хабарлады Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.

    Астанада халықаралық іздеуде жүрген әйел
адам ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.