jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Қазақстандық ер адам Ресейде жазасын өтеген соң елге экстрадицияланды (видео)

    Ресейден экстрадицияланған күдікті
    Күдікті. Видеодан кадр: t.me/GenPr

    Қостанайда адам өліміне әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын келтірді деп айыпталған күдікті Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

    Бас прокуратураның Telegram-дағы арнасындағы ақпаратқа сәйкес, күдікті 2021 жылдың наурыз айында Қостанай қаласында жәбірленушінің пәтерінде бірге ішімдік ішіп отырып, өзара жанжал кезінде оның басы мен денесіне бірнеше рет соққы жасап, ауыр жарақат салған. Жәбірленуші алған жарақаттарынан қайтыс болған.

    Күдікті жауапкершіліктен жалтару мақсатында қашып кетіп, оған халықаралық іздеу салынды.

    Қазақстаннан қашқан күдікті Ресей аумағында қарақшылық шабуыл жасап, сол үшін сотталды. Ресей соты оны қылмыстық жауапкершілікке тартып, жазасын өтеу үшін қамауға алған.

    Жазасын өтегеннен кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол елге экстрадицияланып, тергеу изоляторына қамалды.

    Қылмыстық кодекстің жәбірленушінің өліміне әкелген ауыр дене жарақатын салу бабына сәйкес, күдіктіге 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

    Қазақстандық ер адам Ресейде жазасын өтеген соң елге экстрадицияланды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.