jitsu gif
Оқыс оқиға

    Астанада үй қызметкері 10 млн теңгенің зергерлік бұйымдарын ұрлады деген күдікке ілінді

    Қымбат тасы бар алтын бұйымдарды үй жағдайында қалай тазартуға болады
    Қымбат тасы бар алтын бұйымдарды үй жағдайында қалай тазартуға болады: pixabay.com

    27 жастағы Астана тұрғыны құны 10 миллион теңге тұратын зергерлік бұйымдарды ұрлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz ақпараттық порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, полицейлер тұрғын үйді тонаған 27 жастағы күдіктіні анықтады.

    "Әйел жәбірленушінің үйінде көмекші болып жұмыс істеген, ол үй иесінің сенімін пайдаланып, алты ай бойы аптасына екі рет барып, бірнеше рет зергерлік бұйымдарды ұрлап, кейін оны ломбардқа сатып жіберген.

    Келтірілген шығынның жалпы сомасы 10 миллион теңгені құрады. Сондай-ақ, ұрланған құндылықтардың ішінде Tiffany сырғалары мен Casato брендінің гауһар тасты сақинасы бар екені белгілі болды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.

    Еске салсақ, бұған дейін Астанада шетелдіктер ломбардтан 46 миллион теңгенің алтынын ұрлады деген күдікке ілінді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.