jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте мемлекеттік сатып алу саласында құқықбұзушылықтар анықталды

    Ақша санап отырған адам
    Ақша санап отырған адам. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Шымкентте мемлекеттік сатып алу саласында құқықбұзушылықтар анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шымкент қалалық прокуратурасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде жүргізілген тексеру барысында қаралатын шағымдар бойынша шешімдер қабылдау кезінде жекелеген әлеуетті өнім берушілерге артықшылық беру, бір көзден шарттар жасасуда негізсіз келісу, аудиторлық іс-шаралар барысында анықталған бұзушылықтар бойынша шаралар қабылдамау, сондай-ақ енгізілген хабарламаларды орындамау жөнінде шаралар қабылдамау фактілері анықталған.

    Қолданыстағы заңнама нормаларын бұзу бойынша 59 факті, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін құқықбұзушылық белгілері бар 52 бұзушылық анықталған.

    Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесі бойынша 6 лауазымды тұлға, оның ішінде департамент басшысының орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

    Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

    Шымкентте мемлекеттік сатып алу саласында құқықбұзушылықтар анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.