jitsu gif
Оқыс оқиға

    Ақмола облысында қандастар миллиондаған ақшаны жымқырды деген күдікке ілінді

    Ақша
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Ақмола облысында ерікті қоныс аударуды ұйымдастыру кезінде 20 млн теңге көлемінде материалдық көмекті жымқыру фактілері анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

    Прокуратура ақпаратынша, Целиноград ауданы прокуратурасы аудандық мансап орталығының қызметіне тексеру жүргізіп, азаматтардың ерікті қоныс аударуын ұйымдастыру заңнамасы талаптарының бұзылғандығын анықтады.

    Қандастардың өңірдегі тұрақты тұратын елді мекенде тұрғын үй сатып алуға арналған материалдық көмекті заң бұзушылықтармен алғаны, сондай-ақ материалдық көмекті жымқыру фактілерінің орын алғанын анықтады. Залалдың жалпы сомасы 20 млн теңгені құрады.

    Аталған заң бұзушылықтар бойынша аудан прокуратурасы қандастарға қатысты ірі мөлшерде алаяқтық жасау деректері бойынша (ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағы) сотқа дейінгі тергеп-тексерулер тіркеді. Іс материалдары одан әрі талқылау үшін Ақмола облысының экономикалық тергеу органдарына жолданды.

    Одан бөлек, аудан прокуратурасымен енгізілген қадағалау актісі негізінде Ақмола облысының Еңбек мобильдік орталығы мемлекеттен заңсыз алынған қаражатты қайтару туралы талап арыздарын сотқа берді.

    Аталған заң бұзушылықтарға жол берген жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

    Ақмола облысында қандастар миллиондаған ақшаны жымқырды деген күдікке ілінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.