jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Оралда ағалы-інілі екі азаматты 5 млн теңгеге алдаған күдікті құрықталды

    Оралдағы алаяқ
    Күдіктіні ұстау. Фото: polisia.kz

    Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері бірнеше азаматты алдаған күдіктіні қолға түсірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Тергеу мәліметінше, күдікті өз таныстарына смартфондарды сатып алып, оларды қымбат бағаға қайта сатуды ұсынып, мол пайдаға кенелетіндеріне сендірген. Ол телефондарды сатып алғаннан кейін несиелерін жауып, қалған қаржыны бөлісетіндерін айтқан.

    Орал қаласының екі тұрғыны күдіктінің сөзіне сеніп, үш iPhone 15 смартфонын сатып алған және оған 2 миллион теңгеге жуық ақша берген. Алайда алаяқ телефондары мен ақшаны алған соң ізін суытып, байланысқа шықпай қойған.

    Полицияның дерегінше, жәбірленушілер туған бауырлар болып шықты. Олардан келген жалпы материалдық шығын көлемі 5 миллион теңгеден асқан.

    Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазір күдіктіге қатысты қосымша деректер анықталуда.

    Бұған дейін Оралда екі студентті қорқытып, ақшасын иемденіп кеткен күдіктілер ұсталғанын жазған болатынбыз. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, күдіктілер екі студентті 150 мың теңге көлемінде шағын несие рәсімдеуге мәжбүрлеген.

    Оралда ағалы-інілі екі азаматты 5 млн теңгеге алдаған күдікті құрықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.