jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысында ҚАЖД мекемесінің лауазымды тұлғалары пара алғаны үшін сотталды

    Судья үкім оқып тұр
    Судья. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Қонаев қаласының сотында №57 ҚАЖД мекемесінің бұрынғы бастығы мен №12 ҚАЖД мекемесінің жедел бөлімінің бастығына пара алу ісі бойынша сот үкімі шықты. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы ресми сайтында хабарлайды.

    Қонаев қаласының соты №57 ҚАЖД мекемесінің бұрынғы бастығы П.Писарев және №12 ҚАЖД мекемесінің жедел бөлімінің бастығы Е. Бөлекбайға пара алу ісі бойынша үкім шығарды.

    Алматы облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары жазасын өтеудегі сотталғандарға қамқор көрсету және оларға тыйым салынған заттарды бірнеше рет кедергісіз алып өту үшін пара алғанын дәлелдеді.

    Сотпен тергеу барысында жиналған дәлелдемелер қарастырылып, П.Писарев келтірілген айыппен кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды, ал сотталушы Е.Бөлекбай келтірілген айыппен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылып, жазаларын қылмыстық атқару жүйесінің орта қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді.

    Бұндай прецедент сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жазаның бұлтартпастығын көрсетеді.

    Алматы облысында ҚАЖД мекемесінің лауазымды тұлғалары пара алғаны үшін сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.