jitsu gif
Оқыс оқиға

    Маңғыстау техникалық колледжі бухгалтері 243 млн теңге жымқырған деген күдікке ілінді

    Ақша мен калькулятор
    Ақша. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

    Облыстық прокуратура Маңғыстау техникалық колледжі қызметіне тексеріс жүргізіп, 243 млн теңге жымқырылғанын анықтады. Бұл жөнінде Бас прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қадағалаушы органның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, облыс прокуратурасы Маңғыстау техникалық колледжінің қызметінде тексеріс жүргізген.

    "Тексеріс нәтижесінде бас бухгалтердің 243 млн теңге көлемінде іс-сапар, шәкіртақы және салық міндеттемелері үшін көзделген қаражатты өзінің жеке шотына заңсыз аудару арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды", - делінген прокуратура хабарламасында. Прокуратура бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармақшасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру шарасы жүргізіліп жатқанын хабарлады. Қылмыстық іс арнайы прокурордың өндірісінде, сот сараптамалары тағайындалған. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

    Маңғыстау техникалық колледжі бухгалтері 243 млн теңге жымқырған деген күдікке ілінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.