Оқыс оқиғалар

Зектілері

ІІМ өкілдері 2024 жылы іздеуде жүрген қанша күдікті ұсталғанын айтты

Жарияланған күні:

полиция қызметкерлері
Полиция қызметкерлері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

2024 жылы Ішкі істер министрлігі қызметкерлері іздеуде жүрген 1949 күдіктіні ұстаған. Бұл жөнінде ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ішкі істер министрлігінің ақпараттық медиа-порталында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 2024 жылы Қазақстанның құқық қорғау органдарының іздестіруіндегі 1949 күдіктіні ұсталған.

Олардың ішінде:

  • адам өлтіру бойынша – 43;
  • қарақшылық шабуыл бойынша – 22;
  • денсаулыққа ауыр зиян келтіру бойынша – 37;
  • зорлау бойынша – 6;
  • тонау бойынша – 68;
  • бопсалау бойынша – 21;
  • ұрлық бойынша – 484;
  • есірткі қылмысы бойынша – 91.

ТМД елдері мен алыс шет мемлекеттер үшін 844 қылмыскер ұсталды. Одан бөлек, хабар-ошарсыз кеткен 1361 адамның мекенжайы анықталды.

"Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады", - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 2024 жылы шекараны бұзғаны үшін 324 шетел азаматы ұсталған.

Сондай-ақ Қазақстанда көршілес елдерде іздеуде жүрген бірнеше шетелдік күдікті құрықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2210786-iim-okilderi-2024-zhyly-izdeude-zhurgen-qansha-kudikti-ustalganyn-aitty/