jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Алматыда ІІМ мен ҰҚК өкілдері арнайы операция жүргізді: 9 адам ұсталды (видео)

    Күдіктіні ұстау сәті
    Полицейлер мен күдікті. Видеодан кадр: instagram.com/almaty_police_department

    Кеше Алматыда "синтетика" прекурсорларын сатты деген күдікпен 9 адам ұсталып, жалпы құны 422 миллион теңге болатын есірткі заттарын дайындайтын компоненттер тәркіленді. Бұл жөнінде қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Алматы полиция департаментінің Instagram-дағы парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, қалалық полиция арнайы іс-шараны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің көмегімен және қалалық прокуратураның үйлестіруімен жүргізген.

    "Жақында Алматы мен Алматы облысының әртүрлі аудандарында синтетикалық есірткінің негізгі құрамдас бөлігі болып саналатын БК-4 прекурсорларын сатумен айналысқан қылмыстық топтың 9 мүшесі ұсталып, қамауға алынды.

    Ұсталғандардың тұрғылықты жерінде рұқсат етілген тінту кезінде ірі көлемдегі сұйықтық құйылған канистрлер, есірткі заттарын өндіруге арналған зертханалық жабдықтар, ұнтақты заты бар ыдыстар, сондай-ақ қару мен оқ-дәрілерге ұқсас заттар табылды және тәркіленді. Айғақты заттар тәркіленіп, сараптамаға жіберілді", - деді Алматы қалалық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

    Қабылданған шаралар нәтижесінде есірткі сатушылардың заңсыз тауарларды сақтаған үш орны анықталған. Бұл ғимараттардан жалпы құны 422 миллион теңге (802.500 $) болатын 3 тонна 210 литр прекурсорлар табылып, тәркіленген.

    Сонымен қатар жедел іс-шаралар барысында алматылық күдіктілердің "қолдауымен" Қарағандыда есірткі зертханасын құрған топтың басқа да мүшелері анықталды. Олар ұсталып, қамауға алынды.

    Алматыда ІІМ мен ҰҚК өкілдері арнайы операция жүргізді: 9 адам ұсталды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.