jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Бортсерікке қол көтерді деген FlyArystan жолаушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды

    Ұшақтың іші
    Ұшақтың іші. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Астана әуежайының желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Астана-Өскемен рейсінің 47 жастағы жолаушысын ұстады. Ол алкогольге мас күйде бортсеріктің ішінен ұрып, ұшақ бортынан шығарда "бомба" деп айқайлаған. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

    Оқиға туралы Facebook желісінде блогер Азамат Ерғалиев жазды. Ол да дәл сол рейспен Өскеменге ұшпақ болған.

    "Астана - Өскемен бағытындағы FlyArystan рейсіне отырғаннан кейін жолаушы бортсерікті ұрып жіберді. 50 жас шамасындағы ер адам жолаушыларға да ыңғайсыздық туғызды. Полиция шақырылды. Бір адамның кесірінен рейс кейінге шегерілді", - деп жазады автор.

    Көліктегі полиция департаменінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сәйкес, аталған факт бойынша бұзақылық және терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлауға қатысты қылмыстық істер қозғалды.

    "Әуе кемесіне дереу тексеру жүргізіліп, оның барысында жарылғыш құрылғылар мен басқа да тыйым салынған заттар табылмады. Мұндай мінез-құлыққа жол берілмейді.

    Жағдайды тұрақсыздандыру немесе қорқыту әрекеттері көлікте елеулі қатер ретінде қарастырылады және кінәлілер заң шеңберінде жауапкершілікке тартылады.

    Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

    Бортсерікке қол көтерді деген FlyArystan жолаушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.