jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жамбыл облысында әжетханадан өлі табылған 8-сынып оқушысының ісі бойынша кінәлілер жазасын алды

    судья балғасы
    Судья балғасы. Көрнекі фото: pexels.com

    Жамбыл облысында мектеп дәретханасынан өлі табылған 8-сыныптың оқушысына қатысты іс бойынша үш оқушыға сот үкімі шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Жамбыл облыстық сотының Telegram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұзақылық және денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша айыпталған үш кәмелетке толмаған оқушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.

    Сотталушыларға Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі 1-тармағы, 106-бабы 3-бөлігі, 28-бабы 4-бөлігі, 106-бабы 3-бөлігі және 293-бабы 2-бөлігі бойынша айып тағылды.

    Сотталушылар Байзақ ауданы Құмжота ауылындағы мектептің әжетханасында 8-сынып оқушыларын жинап, нұсқауларын орындауды талап етіп, олардың кеуде тұсынан жұдырықпен ұрған. Бір оқушы кеудесінің сол жақ бөлігінен алған соққылардың салдарынан оқиға орнында қайтыс болған. Сотталушылар кінәсін ішінара мойындады.

    Сот үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып:

    Л.Н.-ға - 6 жыл 8 айға бас бостандығын айыру,

    Л.Л.-ға - 6 жыл 8 айға бас бостандығын айыру,

    Т.-ға - 1 жылға бас бостандығын шектеу жазалары тағайындалды.

    Мемлекет кірісіне сот сараптамаларына жұмсалған процестік шығындар, жәбірленушілердің өтемақы қорына мәжбүрлі төлем, сондай-ақ жәбірленуші тараптың пайдасына сотталғандар Л.Н.-нің заңды өкілінен 6 млн теңге, Л.Л.-дің заңды өкілінен 5 млн теңге моральдық зиян өндірілді.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Еске сала кетейік, 2024 жылы 30 сәуірде Жамбыл облысында 8-сынып оқушысы жоғарғы сынып оқушысының қолынан қаза тапты. 14 жастағы бала кеуде тұсынан алған соққыдан кейін мектеп дәретханасында жан тапсырған.

    Жамбыл облысында әжетханадан өлі табылған 8-сынып оқушысының ісі бойынша кінәлілер жазасын алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.