jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Қытайдан келген тауарды ұрлаумен айналысты деген күдікпен қойма қызметкерлері тергелді

    қойма
    Қойма. Көрнекі фото: pexels.com

    Қойма қызметкерлері тобы Қытайдан келген тауарды ұрлаумен айналысқан деген күдікке ілінді. Тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Бас көлік прокуратурасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Ведомство мәліметінше, Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасы 2023 жылдан 2024 жылға дейін Қытайдан келген тауарларды ұрлаумен айналысқан уақытша сақтау қоймасы қызметкерлерінің тобына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

    "Күдіктілер контейнерлердің ішіндегі тауарлар туралы ақпаратқа қол жеткізіп, ұрланған тауарларды жергілікті базарларда сатқан. Келтірілген шығын 200 млн теңгеден асып, отандық және шетелдік компанияларға зардабы тиген", - делінген хабарламада.

    Жетісу көлік прокуратурасы істі сотқа жолдады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.