jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ұлттық ұлан офицері жүрек талмасы ұстаған қызды құтқарып қалды

    Дмитрий Муравицкий
    Дмитрий Муравицкий. Фото: polisia.kz

    Ұлттық ұланның әскери қызметшісі патрульдеу кезінде жүрек талмасы ұстаған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Ақпараттық медиа-порталдың жазуынша, оқиға Ақтөбе қаласының халық көп шоғырланған аудандарының бірінде болған.

    Сағат 23:30 шамасында Әбілқайыр хан көшесіндегі банк ғимаратының маңында белгісіз бір адам автопатрульдегі әскери қызметшілерге тротуарда қыздың ес-түссіз жатқанын хабарлаған.

    Мұны естіген әскери жасақ кезекшісі дереу оқиға орнына жеткен. Анықтау барысында қыздың есінен танып қалғаны белгілі болған. Куәгердің айтуынша, жедел жәрдем бес минут бұрын шақырылған.

    Дегенмен әскери жасақ кезекшісі Дмитрий Муравицкий уақыт жоғалтпай зардап шегушіні жақын маңдағы ауруханаға өзі жеткізуге шешім қабылдаған. Әскери қызметшінің жедел әрекеттерінің арқасында қыз тез арада Ақтөбе қаласының көпсалалы облыстық ауруханасына жеткізіліп, кезекші дәрігерге табысталған.

    Тексеруден кейін дәрігер қызда жүрек талмасы болғанын анықтаған. Қазіргі уақытта оның жағдайы қанағаттанарлық.

    "Біздің әрқайсысымыз кез келген қиын жағдайда көмекке келуге дайын болуымыз керек. Бұл бір батырлықты қажет етпейді, тек жауапкершілік болса жеткілікті", - деді Дмитрий Муравицкий.

    Айта кетейік, бұған дейін әскери оқу орнының курсанты Риддерде өрт шыққан пәтерден ер адамды құтқарып қалғанын жазған едік.

    Ұлттық ұлан офицері жүрек талмасы ұстаған қызды құтқарып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.