Оқыс оқиға

Зектілері

Франциядан келген шетел азаматтары Жетісуда ескірткі зертханасын құрды деген күдікке ілінді

Жарияланған күні:

Қолына кісен салынған ер адам
Қолына кісен салынған айыпталушы. Көрнекі фото: freepik.com

Жетісуда есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен шетелдік азаматтар мен Қазақстан азаматынан құралған ұйымдасқан қылмыстық топты ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ IIM-нің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, ұсталған топ мефедрон психотроптық затын өндіретін есірткі зертханасын басқарды деген күдікке ілінді.

"Жазда шетелдік азамат Францияда жүрген кезінде туысына шетелде жұмысқа тұруға ұсыныс жасаған. Олар Қазақстанға келгеннен кейін жетекшілерінің бақылауымен есірткі зертханасын құрып, оның нұсқауы бойынша әрекет еткен. Қазақстан азаматы оларға қажетті құрал-жабдықтарды жеткізіп, есірткі жасырумен айналысқан", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Ұстау кезінде олардан шамамен 6 кг мефедрон және арнайы құрал-жабдық тәркіленді. Күдіктілер қамауда.

"Қылмыстық схеманың басқа да қатысушыларын анықтап, жауапкершілікке тарту үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Қуандық Әлжанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2213141-frantsiiadan-kelgen-shetel-azamattary-zhetisuda-eskirtki-zerhanasyn-qurdy-degen-kudikke-ilindi/