Оқыс оқиға

Зектілері

Түркістан облысында 27 адам бюджеттің 1,9 млрд теңге қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

Жарияланған күні:

целлофандағы ақша
Целлофандағы ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қаржы мониторингі агенттігі Түркістан облысында 1,9 млрд теңге бюджет қаражатын жымқырған ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты. Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында 27 адам күдікті деп танылды. Бұл туралы ведомствоның Telegram-дағы арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

ҚМА баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, күдікке ілінген топ "Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасы аясында ірі қара мал сатып алуға бағытталған субсидиялауға бөлінген жеңілдетілген кредиттер алудың алаяқтық схемасын пайдаланған.

Ол үшін Кентау қаласында "Яссы-кредит НС " Кредиттік серіктестігі" ЖШС құрылып, іс жүзінде жоқ Expert Consulting Group ЖШС атынан жалған құжаттар мен мүлікті бағалаудың жалған актілерін пайдаланған.

Агенттік өкілдерінің хабарлауынша, мемлекеттік несие алу өтінімдерін қарау жөніндегі комиссияның төрағасы болып қызмет атқарған ұйымдастырушы қылмыстық схеманы әзірлеп, қатысушылардың әрекеттерін үйлестірген.

"Ол әлеуетті қатысушыларды іздеп, олардың рөлдерін бөліп, жалған несиелер рәсімдеу процесін бақылаған. Сондай-ақ құжаттарды рәсімдеу үшін жеке тұлғаларды іздеуге нұсқау беріп отырған және бұрмаланған салыстыру актілерін жасауға қатысып, ай сайынғы төлемдерге бақылау жасаған, ал жымқырылған қаражат топ мүшелері арасында бөлініп отырған", - дейді ҚМА ресми өкілі.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында 27 адам күдікті деп танылды.

Сонымен қатар күдіктілердің жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам мүлкіне тыйым салынған.

ҚМА баспасөз қызметі Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жарияланбайтынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2213619-turkistan-oblysynda-27-adam-biudzhetting-1-9-mlrd-tengge-qarazhatyn-zhymqyrdy-degen-kudikke-ilindi/