jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Саран қаласында дүкенге жасалған шабуылдан 27 жастағы тұрғын қаза болды

    Қылмыс жасалған сәт
    Қылмыс жасалған сәт. Видеодан кдар: t.me/halyqstan

    Әлеуметтік желілерде Саран қаласында қарақшының қолынан дүкен сатушысының қаза болғаны айтылған ақпарат тарап жатыр. Бұл ақпаратты Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Оқиға орнынан видео Telegram-дағы Halyqstan арнасында жарияланды.

    "Пышақ ұстаған қарақшы дүкен сатушысына шабуыл жасаған. 27 жастағы әйел қаза болды", - делінген видео сипаттамасында.

    Қарағанды облыстық ПД өкілдері бұл жайтқа қатысты пікір білдірді.

    "Саран қаласында зорлықпен өлтірілген 27 жастағы тұрғынның денесінің табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіні анықтау және ұстау үшін облыстың ішкі істер органдарының барлық жеке құрамына бағыт-бағдар берілді.

    Полиция департаменті қызметкерлерінің арасынан жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - делінген өңірлік полиция хабарламасында.

    Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қостанайда үш ер адам дәрігерге қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен ұсталғанын жазған едік. Сондай-ақ Алматыда ерлі-зайыптыға шабуыл жасады деген күдікпен 38 жастағы азамат ұсталған болатын.

    Саран қаласында дүкенге жасалған шабуылдан 27 жастағы тұрғын қаза болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.