"Басын тоңазытқышта сақтаған": Ақтөбеде жантүршігерлік қылмыс жасағандардың соты басталды
Жарияланған күні:

Ақтөбеде танысының денесін бөлшектеп, басын тоңазытқышта сақтады деген күдікпен ұсталған екі тұрғын сот алдына келді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Қанды оқиға күзде Хромтау қаласында болған. Ер адамды өлтіріп, дене бөлшектерін тоңазытқышта сақтады деген күдікпен екі тұрғын ұсталған. Алғашқы сот отырысына екі сотталушы келмеді. Олар сотқа абақтыдан онлайн қатысты. Сот материалдарына сай, сотталушылар құрбанының денесін кескілеп, қала сыртындағы кен орнына лақтырған, ал марқұмның басы мен ішкі құрылысын тоңазтқышқа сақтап қойған.
"Сотталушы мас күйде танысымен сөзге келіп, ішіне пышақ тығып алады. Марқұм сол жерде қайтыс болған. Екіншісі оның денесін ас үйден жуынатын бөлмеге сүйреп апарған. Сол жерде дене мүшелерін кескілеп, бөлшектеп, сөмкеге салып, қылмыстың ізін жасыру мақсатында Хромтау қаласының шетіндегі карьерге апарып лақтырған", - деді мемлекеттік айыптаушы Жанар Қабдышева.
Келесі сот процесі екі аптадан соң болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2214654-basyn-tongazytqyshta-saqtagan-aqtobede-zhanturshigerlik-qylmys-zhasagandardyng-soty-bastaldy/