jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Шымкентте алты жасар жиенін ваннаға тұншықтырып өлтірді деген әйелге сот үкім шығарды

    Судья қағазға қол қоюда
    Судья. Көрнекі сурет: Рexels.com

    Шымкентте алты жасар жиенін өлтірген әйелге үкім шықты. Ол қыздың қолын байлап, ваннадағы суға тұншықтырған, деп хабарлайды Шымкент соттарының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 99-бабының 3-бөлігімен (жас баланы өлтіру) айыпталған Қ.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Cотта 2024 жылдың маусым айында Шымкент қаласы Ақпан батыр көшесі бойында орналасқан жалдамалы пәтерінде өзінің туған әпкесінің 2018 жылы туған қызын өлтірген. Ол баланың ұйқысынан оянып, айқайлай бастағанына ашуланып, жасөспірімнің аяқ-қолын біріктіріп байлап, ұрып-соғып, еденге құлатқан, соның салдарынан жасөспірім есінен танып құлағаны, одан соң ванннаға су толтырып, қасақана тұншықтырып өлтіргені анықталды.

    Прокурор күдіктіге 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушінің өкілі сотталушыға кешірім бергенін және қатаң жаза тағайындамауды сұраған.

    Сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын және жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

    Сот сотталушының қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде бұрын сотты болмағанын ескеріп (ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ) 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

    Үкім заңды күшіне енді.

    Шымкентте алты жасар жиенін ваннаға тұншықтырып өлтірді деген әйелге сот үкім шығарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.