Шымбұлақта шетел азаматтары мен курорт қызметкерлерінің арасында төбелес шықты (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Әлеуметтік желіде Шымбұлақ тау курортында болған төбелестің видеосы тарады. Қалалық полиция департаментінің өкілдері оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бейнежазба Instagram желісіндегі kris_p_almata парақшасында жарияланған. Видеодан курорт аумағында бірнеше адамның төбелесіп жатқанын көруге болады.
"Медеу аудандық полиция басқармасы бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бес адам ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді KAZ.NUR.KZ тілшісіне Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Полиция өкілдері объективті жағдайлар анықталып жатқанын айтты.
Бұл оқиғаға қатысты KAZ.NUR.KZ тілшісіне "Шымбұлақ" әкімшілігі де пікір білдірді.
Олар бір топ шетелдік қонақ мас күйде шаңғы мектебінің қызметкерлерімен жанжал шығарғанын мәлімдеді. Бір қонақтың кассирді күтуге шыдамы жетпеген, ал кассадағы қызметкер ол уақытта SkiPass карталарын толтырып жатқан.
Әкімшілік өкілінің айтуынша, қонақ мас күйде болған және өзін агрессивті ұстаған. Агрессия кассир оралғаннан кейін де жалғасқан – біраздан кейін қызметкермен арадағы жанжал физикалық қақтығысқа ұласқан.
"Оқиғаның ушығуына шипажайдың қауіпсіздік қызметі жол бермеді. Тәртіп бұзушылар құқық қорғау органы қызметкерлеріне тапсырылды. Оқиғаға байланысты дереу қызметтік тексеру жүргізіліп, белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкес қажетті шаралар қабылданды", - деді әкімшіліктегілер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2217548-shymbulaqta-shetel-azamattary-men-kurort-qyzmetkerlerining-arasynda-tobeles-shyqty-video/