Оқыс оқиға

Зектілері

"Денесін қоқысқа тастаған": Жезқазғанда жантүршігерлік қылмыс жасады деген күдікпен екі адам ұсталды

Жарияланған күні:

Түрмедегі азап
Темір тор. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жезқазғанда 39 жастағы қала тұрғынын өлтіріп, денесін бөлшектеп тастады деген күдіктілер ұсталды. Жантүршігерлік қылмысты жасағандар ізін жасыру үшін марқұмның аяқ-қолын кесіп, қоқыс жәшігіне тастаған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Жезқазғанда жантүршігерлік қылмыс болды. Тазалық қызметінің жұмысшылары қоқыс жәшігінен адам денесін тапқан. Телеарна хабарлауынша, бөлшектенген денеден аққан қан ізі 48 жастағы тұрғынның пәтеріне алып келген. Аталған жайтқа өңірлік полиция департаментінің өкілдері пікір білдірді.

"30 қаңтарда Жезқазған қаласының Байқоңыр көшесіндегі үйлердің бірінде таныс адамдар арасында туындаған жанжал кісі өлімімен аяқталды. Полиция қызметкерлері Жезқазған қаласының екі тұрғынын анықтап, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Алмас Саламатов, Ұлытау облысы ПД бастығының орынбасары.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2217641-denesin-qoqysqa-tastagan-zhezqazganda-zhanturshigerlik-qylmys-zhasady-degen-kudikpen-eki-adam-ustaldy/