"Балама автобус еденін жуғызды": ақтөбелік тұрғынның арызынан кейін тексеру басталды
Жарияланған күні:

Ақтөбелік тұрғын баласына автобус жүргізушісі жол ақысын төлемегені үшін автобус еденін жуғызғанын айтып, полицияға шағым түсірген. Аталған жайт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Kazinform.
Ақтөбе қаласының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы 27 қаңтар күні баласының үйге кеш келгенін, жолақысын төлемеген соң автобус жүргізушісі оған еденді жуғызғанын айтып көмек сұраған. Бұл оқиға Осы оқиғадан соң полицияға да арыз түсірген.
"Полицияға арыз түсті. Қазіргі кезде тергеу жұмыстары жүріп жатыр", - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Осы ақпараттан соң Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мән-жайды бақылауға алғанын хабарлады.
"Комитет Ақтөбеде автобус жүргізушісі жолақысы үшін мектеп оқушысын еден жууға мәжбүрлеген оқиғаны үзілді-кесілді айыптайды. Бала құқықтарының мұндай өрескел бұзылуына жол беруге болмайды. Комитет бұл әрекетті заңға қайшы деп санайды. Комитет оқиғаға құқықтық баға беру үшін Бас прокуратураның араласуын, сондай-ақ уақтылы шара қолданбаған қала әкімшілігінің әрекетсіздігі бойынша тергеу жүргізуді талап етеді. Біз кінәлілерге қатысты тиісті шараларды қабылдаудың маңыздылығын атап өтіп, қоғамдық көліктерде балалардың құқықтарын сақтауды қатаң бақылауды күшейтуге шақырамыз", - деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2218940-balama-avtobus-edenin-zhugyzdy-aqtobelik-turgynnyng-aryzynan-keiin-tekseru-bastaldy/