jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жамбыл облысында полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты тергеу басталды

    Қылмыстық іс бойынша құжаттар бумасы
    Қылмыстық іс бойынша құжаттар бумасы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Жамбыл облысының прокурорлары ауыр қылмысты жасыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

    Ведомствоның ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Байзақ ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты Қылмыстық кодекстің 433-бабының 2-бөлігі бойынша ауыр санаттағы қылмысты қасақана жасырды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

    "Қылмысты жасыру аудан аумағында орын алған 10 700 000 теңге қаражатты жымқыруға қатысты арызды сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркемеу арқылы жүзеге асырылған.

    Жиналған дәлелдемелердің жиынтығымен күдіктінің іс-әрекеті ҚК-нің 433-бабы 3-бөлігінің 2) тармағымен сараланды (ауыр қылмысты адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасыру).

    Күдікті полиция қызметкері ҚПК-нің 128-131-баптарының тәртібімен  ұсталып, оған қатысты сотпен "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", - делінген хабарламада.

    Хабарламада сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатқаны, ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтыны айтылған.

    "Прокуратура құқық бұзушылықтарды тіркеу кезінде есепке алу-тіркеу тәртібін сақтаудың маңыздылығына баса назар аударады және қылмысты есептен жасыру үшін 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделгенін ескертеді", - делінген хабарламада.

    Жамбыл облысында полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты тергеу басталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.