jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Дәрігерлер лифтте жарақат алған баланың жағдайы туралы айтты

    Медициналық ине ұстаған дәрігер
    Медициналық ине. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өткен тәулікте тұрғын үй кешенінің лифтінде пышақ жарақатын алған бес жасар баланың қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Жағдайы тұрақты, орташа ауыр. Бала белсенді, барлық қажетті ем-домды толық алып жатыр", - деді ведомство өкілдері.

    Бүгін мәжіліс депутаты Ирина Смирнова осы мәселеге қатысты пікір білдіріп, елімізде психиатрия қызметін реформалау қажет екенін айтты.

    Еске салсақ, 11 ақпанда желіде Астанадағы тұрғын үй кешенінің лифтінде белгісіз біреу кішкентай балаға пышақ жарақатын салғаны туралы ақпарат тарады. Бұған ПД баспасөз қызметі пікір білдірді. Оқиғаны тексеру барысында психоневрологиялық диспансер есебінде тұрған кәмелетке толмаған жасөспірім анықталған.

    Сонымен бірге зардап шеккен 5 жасар баланың жағдайы ауыр екені айтылды. Балаға ота жасалған. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, деп мәлімдеді қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

    Кейін Астана қалалық полиция департаменті 5 жасар балаға шабуыл жасап, пышақ жарақатын салды деген жасөспірімнің заңды өкілі жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.