jitsu gif
Оқыс оқиға

    Тұрмыстық зорлық-зомбылық жиі тіркелген аймақтар тізімінде Алматы көш бастады

    тұрмыстық зорлық-зомбылық
    Тұрмыстық зорлық-зомбылық. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ішкі істер министрлігінің өкілі бір жылда тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі бойынша шағым көп түскен Қазақста өңірлерін атады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "2024 жылы Алматы қаласы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Астана қаласы және Жамбыл облысынан көп өтініш тіркелді", - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлхайыров.

    Оның айтуынша, 2025 жылдың басында да өңірлер бойынша дәл осы "рейтинг" сақталып отыр.

    Еске салайық, биыл сәуірде Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдататын заңға қол қойған болатын.

    Полиция зорлық-зомбылық фактісін тіркеудің анықтау сипатына көшті, яғни, агрессорды жәбірленушінің арызынсыз-ақ жауапқа тарту мүмкіндігі пайда болды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.