jitsu gif
Оқыс оқиға

    Астанада лифтте баланы пышақтаған жасөспірім психиатриялық стационарға жатқызылды

    Медицина қызметкері
    Медицина қызметкері. Көрнекі фото: pixabay.com

    Астанада 5 жасар балаға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірім психиатриялық стационарда жатыр, деп хабарлайды "ҚазАқпарат". Бұл туралы Қазақстандағы балалар омбудсмені Динара Зәкиева айтты.

    Динара Зәкиева лифтте 5 жасар балаға шабуыл жасаған жасөспірімнің психиатриялық стационарға жатқызылғанын хабарлады. Оның айтуынша, мұндай шешімді Астана соты шығарған.

    "Пациентті бақылаудың күшейтілген режимі белгіленді, - деді Қазақстандағы балалар омбудсмені Динара Зәкиева.

    Еске салсақ, 11 ақпанда желіде Астанадағы тұрғын үй кешенінің лифтінде белгісіз біреу кішкентай балаға пышақ жарақатын салғаны туралы ақпарат тарады. Бұған ПД баспасөз қызметі пікір білдірді. Оқиғаны тексеру барысында психоневрологиялық диспансер есебінде тұрған кәмелетке толмаған жасөспірім анықталған.

    Сонымен бірге зардап шеккен 5 жасар баланың жағдайы ауыр екені айтылды. Балаға ота жасалған. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, деп мәлімдеді қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

    Кейін Астана қалалық полиция департаменті 5 жасар балаға шабуыл жасап, пышақ жарақатын салды деген жасөспірімнің заңды өкілі жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

    Ал 5 жасар баланың анасы жағдайдың қалай болғанын айтып, телеарнаға сұхбат берді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.