jitsu gif
Оқыс оқиға

    ШҚО тұрғыны өзіне тіл тигізген туған әкесін сотқа берді

    Сот балғасы
    Сот балғасы. Көрнекі фото: seb_ra / Getty Images

    Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық сотында қызына тіл тигізген ер адам жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ШҚО сотына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Сот отырысында анықталғандай, ер адам 2025 жылғы 23 қаңтарда үйде жалғыз бір бөтелке арақ ішіп, өзінің туған қызына балағат сөздер айтқан. Қызы Тарбағатай аудандық полициясына хабарласқан.

    Тексеру барысында ер адам үйінде қатты мас күйде жанжал шығарып, қызына әдепсіз сөздер айтып, оның тыныштығын бұзғандығы анықталды.

    Ер адамға қатысты ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

    ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінің санкциясына сәйкес, ер адамға ескерту түріндегі немесе бес тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы көзделген.

    Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – он тәулікке қамаққа алуға әкеп соғады.

    Сот іс құжаттарын, ұсынылған дәлелдемелерді жан-жақты зерттей келе, ер адам әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деген қорытындыға келді. Ол ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.