jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жамбыл облысында тұрғын үй қоймасынан тойбастар мен қазы ұрлады деген күдікті ұсталды

    тергеу изоляторы11
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Меркі ауданында полиция қызметкерлері тұрғын үйлерге ұрлыққа түсті деп күдікке ілінген тұлғаны анықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Жамбыл облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам тұрғын үйлерге заңсыз кіріп, алтын бұйымдар, ноутбук және басқа да құнды заттарды ұрлады деген күдікке ілінген.

    "Сондай-ақ басқа тұрғын үйдің қоймасынан азық-түлік (жылқы қазысы), тойбастар сыйлықтарын және өзге де заттарды ұрлап кеткен. Полиция қызметкерлері жүргізілген жедел іздестіру шаралары барысында бұрын сотталған 39 жастағы ер адам ұсталды.

    Күдікті Қылмыстық кодекстің тұрғын-жайға заңсыз кірумен жасалған ұрлық бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген хабарламада.

    Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Жамбыл облысында тұрғын үй қоймасынан тойбастар мен қазы ұрлады деген күдікті ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.