jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Атырауда 22 жастағы бойжеткенді көлікке күштеп мінгізген жігіт қамауға алынды

    Оқиға орны. Видеодан кадр
    Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/guwonline

    Атырауда бойжеткенді көлікке күштеп мінгізген 22 жастағы жігіт ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұл туралы Atyrau online Telegram арнаcында видео тарады. Кейін аталған деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. 

    "Әлеуметтік желіде таралған видеоға байланысты автокөлікке әйелді күштеп мінгізген 22 жастағы ер адам анықталып, ұсталды. Автокөлігі арнаулы тұраққа қойылды. Күдіктіге ұсақ бұзақылық бабымен хаттама толтырылып, қамауға алынды. Жинақталған іс-құжаттар сотқа жолданады", -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

    Алайда аталған дерекке байланысты полицияға 22 жастағы бойжеткеннен шағым түспеген.

    Атырауда 22 жастағы бойжеткенді көлікке күштеп мінгізген жігіт қамауға алынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.