"1,2 млрд теңге, 13 автокөлік тәркіленді": ҚМА Asar Baspana қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылғанын мәлімдеді
Жарияланған күні:

Қаржы мониторингі агенттігі өкілдері Asar Baspana қаржы пирамидасының заңсыз қызметін тоқтатқанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ агенттіктің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Агенттік биыл 8-10 ақпан аралығында Бас прокуратураның үйлестіруімен еліміздің барлық өңірінде кең ауқымды операция жүргізген. Нәтижесінде тұтыну кооперативінің атын жамылған "Asar Baspana" қаржы пирамидасының заңсыз қызметі тоқтатылды.
"Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар салымшыларға жылжымайтын мүлік, көлік құралдарын, сондай-ақ тұрмыстық өнімдерді сатып алу үшін қаражат салуды ұсынған, ал қарымына ай сайын салынған соманың 30 пайызына дейін пайда табуға уәде берген.
Компаниялардың кеңселерінде және күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту барысында 1,2 млрд теңгеден астам сомада қолма-қол ақша және ішінде премиум класты көліктер бар 13 автокөлік тәркіленді", - дейді ведомствоның ресми өкілі.
Екі қаржылық пирамида ұйымдастырушы ұсталып, оларға қатысты сот екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі іс-шара санкциялаған. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Ведомство өкілдері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2222252-asar-baspana-qarzhy-piramidasynyng-qyzmeti-toqtatyldy/