jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Павлодарда мектеп күзетшісі оқушыны ұрды деген күдікке ілінді

    Мектеп іші
    Мектеп іші. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Павлодарда мектеп күзетшісі алтыншы сынып оқушысын ұрды деген күдікке ілінді. Ер адам мас күйде болған, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Павлодардағы мектептердің бірінде баланың денесіне зақым келтіру фактісі бойынша полиция тергеу жұмыстарын бастады.

    Ведомствоның мәліметінше, 19 ақпанда мектеп күзетшісі мас күйде 6-сынып оқушысының кеуде тұсынан ұрған көрінеді.

    Салдарынан кәмелетке толмаған бала ауруханаға түсті.

    "Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Сонымен қатар оқиғадан кейін күзетші медициналық айықтыру мекемесіне орналастырылды. Ол қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі өкілдері.

    Сондай-ақ полиция күзетшінің жұмыс орнында осындай күйде болуына жол берген мектеп басшылығын жауапкершілікке тарту туралы облыстық білім басқармасына ұсыныс жіберген.

    Павлодарда мектеп күзетшісі оқушыны ұрды деген күдікке ілінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.