jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Электронды темекіні шекарадан алып өткен шетел азаматы бас бостандығынан айырылды

    Кісен салу
    Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Маңғыстау облысында шекарадан 4000-нан астам электронды темекі алып өткен шетел азаматы сотталды. Бұл туралы Бас прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бас прокуратура өкілдерінің хабарлауынша, шекара бекетін тексеру барысында автокөліктің жүк салғышында 4 550 дана "WAKAsoPro20000" маркалы электрондық тұтыну жүйесі анықталған.

    "Бейнеу ауданының соты шетел азаматын вейптерді елге әкелгені үшін Қылмыстық кодекстің 301-1-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

    Заңды күшіне енген сот үкімі бойынша көрсетілген тауарлар жоюға жіберілді", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 301-1 жаңа бабы темекі бұйымдарының, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы үшін жауапкершілікті көздейді.

    Құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қамауға алу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан шектеу не айыру жазалары қарастырылған.

    Маңғыстау облысының прокуратурасы электронды тұтыну жүйелерін сату және тарату қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.

    Электронды темекіні шекарадан алып өткен шетел азаматы бас бостандығынан айырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.