jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Талғарда Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу аяқталды

    Шерзат Болат
    Шерзат Болат. Фото: instagram.com/kris.p.karasai

    Талғардағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу аяқталды. Тараптар қылмыстық іс материалдарымен танысты, деп хабарлайды Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Облыстық полиция департаментінің Instagram парақшасында хабарланғандай, іс прокурорға жолданды.

    "Кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша өткен жылдың 4 қазанына қараған түні болған қылмысты тергеу аяқталды.

    Тараптар қылмыстық іс материалдарымен толық танысты, іс сотқа жіберу үшін прокурорға жолданды.

    Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізілді, шамамен 200 куәгерден жауап алынды, барлық күдіктінің оқиға орнында айтқан жауаптары тексерілді, процесс қатысушылары арасында беттестірулер өткізілді, сондай-ақ қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған өзге де тергеу әрекеттері жүзеге асырылды.

    Қылмысқа қатысушылардың барлығына құқықтық баға бере отырып, 8 бейнематериал зерттелді.

    Қылмыстық іс 62 томнан тұрады, оның ішінде барлық жиналған дәлелдеме, сараптама қорытындылары, жауап алу хаттамалары және басқа да маңызды материалдар бар.

    Әрбір тергеу әрекеті қылмыстық заңнама талаптарына сәйкес жүргізілді, тергеудің барлық кезеңінде заңдылық, ашықтық және объективтілік қамтамасыз етілді.

    Тергеудің барысы және процесс қатысушыларының конституциялық құқықтарының сақталуы прокуратура органдарының бақылауында болды", - делінген хабарламада.

    Талғарда Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу аяқталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.