jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Танысының басынан атқан: Астанада тұрғын үйлердің бірінде қайғылы жайт болды

    Қару оғы
    Қару оғы. Көрнекі фото: Kumpol Pijadee/Getty Images

    Астанада ер адамдардың арасындағы жанжал қайғылы жайтқа ұласқан. Салдарынан бір адам қаза тапты. Ер адам танысының басынан атқан, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

    Өлімге әкеп соққан жанжал Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Көршілерінің айтуынша, күдікті 50 жастан асқан отбасылы азамат екен. 

    "Бала-шағасымен осы үйде тұратын. Жап-жақсы жігіт болған. Ішімдік ішпейтін, жаман әдеті болмаған. Намазын оқып, әрқашан амандасып тұратын. Ал сырттан келген жұмыстасы бірдеңе шегіп келген көрінеді. Нақтысын білмеймін, тергеушілерден естігенім осы", - дейді көршісі.

    Қайғылы оқиға кеше сағат кешкі сағат бес жарым шамасында болды. Көршісінің айтуынша, күдікті мен марқұм әріптес болған.  Екеуі жанжалдасып, ақыры соңында бірі мылтыққа жармасып  басынан дәлдеп атқан дейді. Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем шұғыл жеткенімен, ол адам бірден жан тапсырды. Қазір әріптестер арасындағы қанды оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.

    "Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыс құралы тәркіленді. Алдын ала берілген мәлімет бойынша, қылмыс бұрыннан таныс арасында  жанжал туындауы барысында жасалған. Ұрыс салдарынан күдікті қайтыс болған адамның басынан атқан. Оқиғаның барлық мән жайын анықтауға бағытталған тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - дейді Астана ПД  баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шәуленова.

    Дереккөз: КТК телеарнасы

    Танысының басынан атқан: Астанада тұрғын үйлердің бірінде қайғылы жайт болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.