Оқыс оқиға

Зектілері

Алматыда экс-шенеунік алты жылға бас бостандығынан айырылды

Жарияланған күні:

Нұрбол Кажин
Нұрбол Кажин. Фото: Facebook/Нурбол Кажин

Алматыда сот қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасарына үкім шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Антикордың Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласы Медеу аудандық соты қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Н. Кажинге үкім жариялады.

"Ол аулаларды санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға жәрдемдесу сылтауымен 19,5 млн теңге сомасында жергілікті кәсіпкердің ақшалай қаражатын иемденгені үшін кінәлі деп танылды.

Кажинге мемлекеттік қызметте және мемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Осы үкіммен мемлекет кірісіне айналатын жалпы сомасы 21 млн теңгеден астам екі автокөлік құралы түрінде мүлкі тәркіленді", - делінген хабарламада.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Антикор өкілдері Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептелетінін ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2225331-almatyda-eks-sheneunik-alty-zhyl-bas-bostandygynan-aiyryldy/