jitsu gif
Оқыс оқиға

    Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты тергеу басталды

    сот
    Сот. Көрнекі фото: jasqazaq.kz

    Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты тергеу басталғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "БАҚ тарапынан келіп түскен сұраныстарға байланысты, ҚМА Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағанын растайды.

    Барлық тергеу әрекеті заңнама талаптарына сай жүргізіліп жатыр.

    Қазақстан қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды", - делінген агенттік хабарламасында.

    Еске салайық, 2024 жылдың соңы мен 2025 жылдың басында ҚФФ-да кадрлық өзгерістер болды. 2024 жылғы қарашада Әділет Барменқұлов 2022 жылдан бері басқарып келген Футбол федерациясынан кететінін айтқан болатын.

    Кейін Қазақстан футбол федерациясы Әділет Барменқұловтың федерация президенті қызметінен кеткені туралы ресми мәлімдеме жасады.

    Өткен жылдың желтоқсан айында Марат Омаров Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті болып сайланды.

    Биыл қаңтарда Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының жаңа вице-президенті болып тағайындалды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.