jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Ішкі істер вице-министрі: Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс осы аптада сотқа түсуі мүмкін

    қылмыстық іс
    Қылмыстық кодекс. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс материалдары сотқа қашан түсетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Қазір Шерзат Болатқа қатысты істі прокуратура зерттеп жатыр. Жақын күндері, осы аптада сотқа түседі деп күтіп отырмыз", - деді Санжар Әділов.

    Еске сала кетейік, былтыр желтоқсанда Алматы облысының прокуратурасы Шерзат Болаттың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілгенін және барлық күдікті ұсталғанын хабарлаған болатын.

    Бұған дейін Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов те іс бойынша тергеудің аяқталғанын хабарлады.

    Қаңтар айында Алматы облысының полиция департаменті Шерзат Болаттың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталғанын растады.

    Бір айдан кейін, 27 ақпанда полицейлер адам өлтіру фактісі бойынша тергеудің аяқталып, тараптар қылмыстық іс материалдарымен танысқанын хабарлады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.