jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Ақтөбе облысында екі баланың денесі табылды: анасы күдікті ретінде ұсталды

    Қолына кісен салынған әйел
    Қолына кісен салынған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    23 наурызда Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласында екі баланың денесі табылды. Қазір олардың анасы ұсталып, қамалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Қылмыстық оқиға Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында тіркелді. Полиция екі баланың мерт болғанын анықтады.

    "Олардың өліміне күдікті ретінде анасы – Атырау облысының тұрғыны ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша ол босанғаннан кейін күйзелісте болған. Қылмыстық іс қозғалды, әйел уақытша тергеу изоляторына қамалды. Тергеу полиция бастығының бақылауында", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі Instagram-дағы парақшасында.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.