jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Прокурорлар Telegram-дағы ақылы арнаға жазылған 8 мың желі қолданушысын тексеріп жатыр

    Әлеуметтік желілер. Көрнекі сурет
    Әлеуметтік желілер. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Түркістан облысының прокуратурасы Telegram желісіне талдау жүргізіп, порнографиялық сипаттағы, оның ішінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен фото-бейне материалдарды көруге арналған ақылы арна тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

    Прокуратура мәліметінше, тексеру барысында Telegram желісінде 2500 теңгеге порнографиялық бейнероликтер, оның ішінде кәмелетке толмағандар мен мектеп оқушыларына қатысты материалдар ұсынылғаны анықталған.

    Арнаға барлығы 8012 жазылушы тіркелген. Оларға қатысты әрекеттерінде педофилия белгілерінің бар-жоғы және осыған ұқсас қылмыстар үшін бұрын сотталғандарды анықтау бағытында тексеру жұмыстары басталды.

    "Сайт аудиториясы Қазақстан және ТМД елдерінің жазылушылары. Арнайы іс-шараларының нәтижесімен сайт ұйымдастырушылары мен қарау, кіру және жазылу үшін ақша төленетін дроперлер анықталды", - делінген хабарламада.

    Кейін облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы аталған топ мүшелерін Түркістан және Қызылорда облыстарында ұстады. Ұйымдастырушы бұған дейін ауыр қылмыс жасағаны үшін сотты болған, қазіргі таңда ол қамауға алынған. 

    Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 311-бабы және 312-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

    Прокурорлар Telegram-дағы ақылы арнаға жазылған 8 мың желі қолданушысын тексеріп жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.