jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қаскелеңде күдікті ер адам сот аумағынан қашып кетті

    Кісен
    Кісен. Көрнекі сурет: pexels.com

    Желіде Қаскелеңдегі сот ғимаратының аумағынан күдікті ер адам қашып кеткені жөнінде жазба жарияланды. Алматы облыстық полиция департаментінің өкілдері ақпаратты растап, қашқынды ұстау бойынша шаралар кешені қабылданғанын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Telegram-дағы egovpress арнасында 1 сәуірде Қаскелеңдегі аудандық сот аумағынан 1995 жылғы күдікті қашып кеткені жөнінде жазба жарияланды.

    "Кей ақпарат көздерінің хабарлауынша, 1 сәуірде сағат 10:35-те Алматы облысы Қаскелең қаласындағы аудандық сот аумағынан Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2 бөлігі бойынша күдікті қашып кеткен. "Сирена" арнайы жоспары енгізілді", - делінген жазбада.

    Кейін бұл жазбаға қатысты KAZ.NUR.KZ тілшісіне Алматы облыстық ПД өкілдері түсінік берді.

    "Тергеумен қамалған М.-ға қатысты қашу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қашқынды ұстау бойынша шаралар кешені қабылданды. Сонымен қатар болған жайттың мән-жайын анықтау мақсатында қызметтік тексеріс тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Полиция азаматтардан сабыр сақтауды және іздеудегі адамның мекенжайын білген жандарға 102-ге қоңырау шалып, хабарлауды сұрады.

    Қаскелеңде күдікті ер адам сот аумағынан қашып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.